Мәйітті 7 ай үйде сақтаған атыраулық ұстаз жұмыстан шығарылды
Мәйітті 7 ай үйде сақтаған атыраулық ұстаз жұмыстан шығарылды
Сурет: depositphotos.com
274
оқылды

Атырауда туған ағасының мүрдесін жеті ай бойы үйінде сақтаған мұғалім  жұмыстан шығарылды, — деп хабарлады "Астана" арнасы.

Облыстық Білім  басқармасы басшысы  Сатқан Есенғалиевтің айтуынша, биология пәнінің мұғалімі мектеп директорының  шақыртуына құлақ аспаған.
"Мектеп әкімшілігі оны педагогикалық және әдеп кеңесіне бірнеше мәрте шақырған. Шақыру қағазы бірнеше рет жіберілді. Алайда ол ол келуден бас тартқан. Соған байланысты "Еңбек" кодекстерінің талаптарына сәйкес жұмыстан босатылды.  Алайда оның бұл шешіммен келіспеуге құқы бар", - дейді ол.