Қазақстанның солтүстігінде атыс болып, бір әйел көз жұмды
Қазақстанның солтүстігінде атыс болып, бір әйел көз жұмды
Сурет: stevepb
153
оқылды

Қостанай облысының Лисаковск қаласында ер адам тұрғын үйлердің бірінде атыс ұйымдастырды. Салдарынан бірнеше адам жараланды, бір әйел көз жұмды, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Төтенше жағдай сенбі, 11 қыркүйекте күндіз болды. Лисаковск полиция бөліміне 3-ші шағынауданда белгісіз ер адам кіреберісте оқ атқаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жедел уәкілдер "мергенді" ұстау үшін бірден оқиға орнына аттанды. Полицейлер тұрғын үйдің кіреберісіне кірмек болғанда, ер адам оларға оқ атқан. Салдарынан тергеушілердің бірі жараланды.
"Полиция тұрғындардың қауіпсіздігі мен күдіктінің заңға қайшы әрекетін тоқтату үшін "Құқық қорғау қызметі туралы" заңның 61-бабына сәйкес қару қолдануға мәжбүр болды. Күдікті ұстау кезінде жараланды", - деп мәлімдеді департаменттегілер.
Полицейлер басын қатерге тігіп, қылмыскерді ұстады және зардап шеккендерге көмектесу үшін жедел жәрдем шақырды.
"Қылмыскер екі әйелді жаралаған, тәртіп сақшылары оларды үйдің кіреберісінен тапты. Күдікті полиция келгенге дейін "Сайга" қаруынан оқ атқан. Ұсталған ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Жарақат алған әйелдердің бірі де көз жұмды", - деді құқық қорғаушылар.
Қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр. Прокуратура органдары қаруды қолдану заңдылығын зерделеуде. Тергеу барысында көршілер арасында жөндеу жұмыстарына байланысты жанжал шыққаны анықталды. Ашуға булыққан 66 жастағы ер адам мылтықпен кіреберіске жүгіріп шығып, оқ жаудырған.