КХЛ: "Барыс" "Спартактан" жеңіліп қалды
КХЛ: "Барыс" "Спартактан" жеңіліп қалды
136
оқылды
«Барыс» бүгін құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында елордада Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) командасын қабылдады. Елордалық клуб биылғы турнирді сәтсіз бастады. Алғашқы үш кездесудің екеуінде қарсыластарға есе жіберіп қойған еді. Сол сәтсіздік бүгін де жалғасты. «Барыс» елордада «Спартак» командасына есе жіберді. Ресейлік клубтан Александр Никишин 15, Александр Хохлачёв 31-минуттарда мергендік танытқан еді. Одан кейін елордалық командадан 32-минутта Аркадий Шестаков есеп айырмасын қысқартты. Ал «Спартак» хоккейшілері Алексей Локтионов 34, Эмиль Петтерссон 54-минутта қос шайба соғып кетті. Осылайша «Барыс» қарсыласынан 1;4 есебімен жеңіліп қалған еді.