Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: news.myseldon.com
Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Таңертең солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-18 м/с дейін барады. Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысын тұман басады, желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың оңтүстік-батысында 2 градус үсік жүреді. Көкшетау қаласында солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел соғады. Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде 2 градус үсік болжанып отыр. Қарағанды облысының солтүстігі мен солтүстік-батысында тұман күтілуде, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар облысында күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады. Павлодар қаласында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады. Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым аумағында жаңбыр жауады, найзағай жарқырайды. Облыстың батысында түнде 2 градус үсік болжанып отыр, желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавл қаласында жел күндіз 25 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысының батысында 2 градус үсік жүреді. Өңірдің солтүстігі мен солтүстік-батысында тұман күтілуде, жел соғады. 12-14 қыркүйек Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.