Павлодар облысында мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. https://www.youtube.com/watch?v=fN7vbTynNIs – Әр топ мүшесі белгілі жұмысты атқарды, яғни рөлі болды: бірі ұрылар, екіншісі сатушылар, қажетті құжаттарды жинағандардар бар, сонымен қатар топ құрамына ветеринарлар да кірді. Қазіргі уақытта қылмыстық топқа бірқатар мал ұрлығы мен оны сату бойынша айып тағылды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов. Полиция күдіктілердің Екібастұз қаласында ұсталғанын атап өтті. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 188-1-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғандар Екібастұз қаласының УҰИ-не қамалды.