Александр Недовесов жұптық сында Киев турнирінің жеңімпазы атанды
Александр Недовесов жұптық сында Киев турнирінің жеңімпазы атанды
150
оқылды
Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Киев челленджер турнирінің жеңімпазы атанды. Қазақстандық теннисші бразилиялық Орландо Лужбен бірге финалда украиналықтар Денис Молчанов - Сергей Стаховскиймен күш сынасты. Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 3 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыластары 1 эйс, 1 брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді. Осылайша А.Недовесов жұптық сында өз спорттық жолындағы 22-інші, биылғы маусымдағы жетінші титулына қол жеткізді.