Оралда адам өлтірген күдікті ұсталды
Оралда адам өлтірген күдікті ұсталды
225
оқылды
Оралда адам өлтірген күдікті қылмыстың ізі суымай ұсталды. БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, қанды оқиғаға қатысушылар мен куәгерлерді анықтауға барлық жеке құрам жұмылдырылды. Соның нәтижесінде аса ауыр қылмысты жасаған 1998 жылғы күдікті қолға түсті. Оның кінәсін мойындаған сөздері тергеу барысында дәлелін тапқан. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.