Ер адам зейнетақы алып отыру үшін анасының мәйітін бір жыл бойы жасырған
Ер адам зейнетақы алып отыру үшін анасының мәйітін бір жыл бойы жасырған
Сурет: congerdesign
126
оқылды

Австрия полициясы бір жылдан астам уақыт марқұм анасының денесін жертөледе жасырған ер адамның қылмысын әшкереледі, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Қылмыс кездейсоқ ашылған. Жаңа пошташы қарт әйелге жәрдемақы беруге келген, алайда, оны көре алмағандықтан, көңіліне күмән ұялапты. Австриялық полицейлердің айтуынша, ақыл-есі кем 89 жастағы әйел былтыр маусым айында қайтыс болған. Сол кезде оның 66 жастағы ұлы анасының мәйітін жертөлеге жасырып, иіс шықпас үшін мұз салынған пакеттер мен дәкені пайдаланған, деп хабарлайды BBC News. Алдын ала мәлімет бойынша, осы уақыт ішінде оның ұлы төлем түрінде заңсыз 50 000 еуроға жуық ақша алған. Басылымның ақпаратынша, ер адам кінәсін мойындады. Ол марқұмды жерлеуге ақшасы болмағандықтан, осындай қадамға барғанын айтып ақталды. Ал өз бауырына анасы ауруханада емделіп жатқанын және ешкімді танымайтынын айтқан.