Шымкентте нысана көздеуден Азия біріншілігі басталды. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан командасы алтын медаль жеңіп алды, — деп хабарлайды Olympic.kz.
Пневматикалық тапаншамен 10 метрге 60 рет нысана көздеуден қазақстандық Эльдар Иманқұлов жеңіске жетті. Ол 235.1 ұпай жинаған. Екінші орында - Сауд Арабиясының өкілі Софар Мохаммад Алдосари, үшінші орында - таиландтық Ноппадон Сутвирух. Айта кетелік, нысана көздеуден Азия чемпионаты осымен 14-рет ұйымдастырылып отыр. Құрлық додасы 20 қыркүйекке дейін жалғасады.