Қазан қаласында өтіп жатқан бірінші ТМД ойындарында көркем гимнастика шеберлері Қазақстан қоржынын екі медальмен толықтырды, — деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл сында Қазақстан намысын Милана Парфилова мен Айым Мейіржанова қорғады. Айым ұршықпен жаттығуда қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, Милананың да еншісінде қола жүлде бар. Ол доппен жаттығуда үздік үштікке енген.