Мемлекет отбасы институтын қолдап, осы салада кешенді саясат жүргізе беретін болады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында мәлімдеді.
«Баршаңызды Отбасы күнімен құттықтаймын! Бұл мерекенің Отанымыз үшін маңызы айрықша. Бақытты әрі берік шаңырақ – еліміздің игілігі мен өркендеуінің кепілі. Мемлекет отбасы институтын қолдап, осы салада кешенді саясат жүргізе беретін болады», – делінген хабарламада.