Нұр-Сұлтандағы футболшылар төбелесіне қатысты полиция түсініктеме берді
Нұр-Сұлтандағы футболшылар төбелесіне қатысты полиция түсініктеме берді
112
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында өткен футбол турнирінде ойыншылар арасында төбелес шықты. Аталған оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді. Кеше Нұр-Сұлтанда футболшылар арасында жаппай төбелес болып, салдарынан бір ойыншының басынан соққы жасалып, есінен танып қалған. https://www.youtube.com/watch?v=4Y2U-HTWM-8  
«11 қыркүйек күні Тұран даңғылындағы «Сайран Арена» футбол алаңында «San Set» және «Барыс» әуесқой футбол клубы арасында жоспарланған матч өтті. Ойын барысында футболшылар арасында жанжал туындаған. Орын алған оқиғаға қатысты полицияға хабарлама келіп түскен соң, жанжалға қатыстылар «Есіл» аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Кінәлілерге қатысты әкімшілік іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қалалық ПД-нің мәліметінше, іс сотқа жөнелтілген. Және жанжалға қатыстылармен профилактикалық әңгіме өткізілген.