Бірнеше өңірде үсік жүреді
Бірнеше өңірде үсік жүреді
Фото: zhalagash-zharshysy.kz
160
оқылды
Синоптиктер Қазақстанның бірнеше облысында үсік болады деп ескерту жасады. Қазгидромет мәліметінше, 13 қыркүйекте Қостанай облысының оңтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Түнде облыстың оңтүстік жартысында 2 градус үсік күтіледі. Нұр-Сұлтанда 13 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік болады. 13 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 2 градус үсік күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында күші секундына 15-20 метр болады. Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр болады. Облыс көлемінде төтенше өрт қаупі сақталады.