Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсіріп, WBA титулын жеңіп алды
Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсіріп, WBA титулын жеңіп алды
Фото: ayu.edu.kz
131
оқылды
23 жастағы кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағамбет WBA International белбеуіне ие болды, – деп жазады Vesti.kz. Елорда төріндегі "Көшпенділер айқасы 2" кешінде ол 30 жастағы мексикалық "Акула" лақап атымен танымал Бруно Сандаваламен кездесті. Он раундқа созылған жекпе-жек небәрі бірінші раундта аяқталды. Бек алдымен алғашқы секундтарда жойқын соққымен қарсыласын нокдаунға түсіріп, артынша нокаутпен жеңіске жетті. Еске салайық, Бек Нұрмағамбет 2019 жылы әуесқойлар арасында Азия чемпионы атанған. Ол өткен жылы ұлттық құрамадан кеткен болатын.