Қазақстандық балуандар Минскіде үш қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық балуандар Минскіде үш қола медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz
158
оқылды
Қазақстандық балуандар Минскіде  күрес түрлерінен "Александр Медведь" халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетуде, – деп хабарлайды Olympic.kz. Беларусь елінде күрес түрлерінен Гран-при кезеңі өтіп жатыр. Әйелдер күресі бойынша сынға түскен қазақстандық балуандар ел қоржынына үш медаль салды. Атап айтқанда, Аяжан Саду (72 келі) мен Эльмира Сыздықова (76 келі) күміс медальмен күптелді. Ал 55 келіде белдескен бұрымды балуан Гүлдана Белдеш қоржынды қоламен толықтырды. Айта кетерлігі, еркін күрес бойынша бозкілемге шыққан қазақстандық Азат Оганиссян финалға жолдама алды. 61 келіде бақ сынайтын ол жергілікті балуан Андрей Бекреновпен жарыстың алтынын сарапқа салады.