Алматы тауында жарақат алған турист құтқарылды

Алматы тауында жарақат алған турист құтқарылды

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Үлкен Алматы шыңына көтерілген туристерді құтқарды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Құтқарушыларға зардап шеккен адам туралы ақпарат 11 қыркүйекте келіп түскен. ТЖД жедел кезекшісінің айтуынша, Үлкен Алматы шыңы ауданында турист құлап, екі аяғын жарақаттаған.

«Республикалық жедел құтқару жасағының (РЖҚЖ) жедел тобы дереу оқиға орнына шықты. Құтқарушылар жедел автокөлікпен космостанцияға дейін жетіп, одан әрі жаяу барды. Біраздан соң Проходное шатқалы арқылы зардап шегушіге көмектесуге тағы бір жедел топты іске қосу туралы шешім қабылданды. Ер адам 12 қыркүйекте таңғы сағат 5-те табылды. Оның қасында тағы 2 адамның бары анықталды және олар жартасты жерде болған», – деп хабарлайды ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі.
https://www.youtube.com/watch?v=dLMNLBfAOOY