Қазақстан құрамасы футзалдан 2021 жылғы әлем чемпионатында топ жарды – видео
Қазақстан құрамасы футзалдан 2021 жылғы әлем чемпионатында топ жарды – видео
Фото: sports.kz
157
оқылды
Футзалдан Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионатының алғашқы ойынында Коста-Рикаға қарсы ойнады, – деп хабарлайды Sports.kz. Құрамадағылар: Игита, Тайнан, Ақбалықов, Кнауб, Дуглас – Атантаев, Қарағұлов, Нұрғожин, Мадияров, Валиуллин, Оразов, Есенаманов, Тұрсағұлов, Сарбасов. Оныншы минутта Шыңғыс Есенаманов есеп ашты, кейін Дәурен Тұрсағұлов гол соқты. Бұдан соң қарсылас бір гол соқты, бірақ Дуглас пен Тайнан бірден көзге түсті. Қазақстандықтар қарсыластан басым түсті – 6:1. 15 қыркүйекте қазақстандықтар Литва турнирі иелерімен ойнайды. Қазақстан – Коста-Рика 6:1 (4:1) Голдар: Есенаманов 10 (1:0), Тұрсағұлов 11 (2:0), Родригес 12 (2:1), Дуглас 14 (3:1), Тайнан 17 (4:1), Оразов 27 (5:1), Тайнан 27 (6:1).