13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: st1.rosphoto.com
126
оқылды

Антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен шығыс, солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстік-батыс және орталық аймақтарда тұман түседі.

Солтүстікте, күндіз еліміздің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Ақмола облысының оңтүстік жартысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді. Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік сақталады. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.