Ресейдегі ұшақ апаты: 15 қыркүйек Иркутск облысында қаралы күн деп жарияланды
Ресейдегі ұшақ апаты: 15 қыркүйек Иркутск облысында қаралы күн деп жарияланды
©Айқынұлы Ж.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, апаттан 4 адам қаза тапты.

Дереккөздің жазуынша, жергілікті уақытпен сағат 23:15-те L-410 ұшағы Иркусткіден 500 шақырым қашықтағы Казачинское ауылынан 4 шақырым жерге құлаған. Иркутск губернаторы Игорь Кобзевтің айтуынша, ұшақта өрт шықпаған. Көз жұмғандардың екеуі – жолаушы, екеуі – ұшқыш. Апаттан 12 адам зардап шеккен. Біреуінің жағдайы ауыр, қалғандары жеңіл жарақат алған. Төрт адам жансақтау бөліміне түскен. Бортта 14 адам мен екі экипаж мүшесі болған, арасында балалар жоқ. Тергеу комитеті апатқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Қаза тапқандарды еске алу үшін 15 қыркүйек Иркутск облысында қаралы күн деп жарияланды.

Бұған дейін Қазақстанда Алматы маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, BekAir компаниясы лицензиясынан айырылғанын жазған болатынбыз.