Етті қарызға берген саудагер 2 миллион теңгеге жуық шығынға батты
Етті қарызға берген саудагер 2 миллион теңгеге жуық шығынға батты
Фото: altyn-orda.kz
148
оқылды

Етті қарызға берген азамат 1 845 000 теңгесін ет алған дүкен иесінен қайтара алмай жүр.

Полиция департаментінің мәліметінше, Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің тұрғыны полицияға арызданды. Ол биыл қаңтардан бастап Өскеменде дүкені бар әйелге ет сатқан.

«Әйел адам еттің жарты сомасын қарызға алып отырған. Осылайша, қаңтар-сәуір айлары аралығында оның қарызы 1 845 000 теңгеге жетті. Полиция дүкен иесін тауып, бөлімшеге жеткізді. Етті қарызға алған адам өз кінәсін толық мойындап отыр», – деді полицей.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.