Апат салдарынан 2 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды.
Алматы облысының Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Талдықорған-Үштөбе тас жолының 41-шақырымында болды. Toyota Carina мен Audi 80 соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі көліктің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Toyota-ның төрт жолаушысы Үштөбе қаласының орталық облыстық ауруханасына жеткізілді. https://youtu.be/ui0xYUFgEy8 Апаттың себебі тергеуден соң анықталады.