Қарағандыда із-түзсіз жоғалған адамның мүрдесі табылды

Қарағандыда із-түзсіз жоғалған адамның мүрдесі табылды

Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәлімдеуінше, құр сүйегі қалған азаматтың жеке басын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Қаңқаның жанында жоғалған адамның құжаттары табылды. Егер сарапшылар кісі өлтіру белгілерін тапса, іс «Кісі өлтіру» бабына ауыстырылады.

Сүйектің жанынан табылған құжаттар 27 жастағы Қасымхан Жұмашевке тиесілі. Ол жоғалған адамдар тізімінде тұр.

Ер адам 26 тамызда жоғалып кеткен. Туыстарына досының үйінде болатынын айтыпты. Бірақ ол досына бармаған. Қасымхан Жұмашев кинотеатрда бармен болып жұмыс істеген.