Оның ішінде 1 756 002-сі sanaq.gov.kz сайты, 203 672-сі Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 82202 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты.
Екі апта қорытындысы бойынша Алматы облысы алда тұр. Аймақта 204 805 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Онлайн санақтан өткен тағы 194 697 адам Алматы қаласында тіркелген. Үшінші орындағы Қызылорда облысында 173 847 адам санақтың сауалына жауап берді.Ұлттық санаққа sanaq.gov.kz сайты арқылы 15 қазанға дейін онлайн қатысуға болады.