Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары М.Рахманқұлов, Е. Өмірғали, Жамбыл облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қаржы басқармаларының басшылары Қ.Қорғанбаев пен Ж.Сапаралиев, Қоғамдық кеңес мүшелері, агенттіктің департаменттері мен басқармаларының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Отырысқа қатысушылар «Stop-обнал» жобалық кеңсесінің қызметі аясында Тараз қаласындағы «Таразэнергоцентр» АҚ жылу тарифтерінің негізсіз көтерілуін талқылады. Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сәлімбай Шунеев атап өткендей, коммуналдық қызметтерге тарифтерді жоғарылату – халықты толғандыратын маңызды әлеуметтік мәселе. Бұл әсіресе жылыту маусымы қарсаңында өзекті.Азаматтар осы НҚА жобаларымен «Ашық НҚ» порталында https://legalacts.egov.kz/list?governmentld=7679240 сілтемесі бойынша танысып, комментарийлер қалдыра алады.