Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйек күндері Душанбе қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды. Сонымен қатар бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер жоспарланған.