Самара-Шымкент тасжолында екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы көз жұмды, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бүгін сағат 6:45-те «Самара-Шымкент» тасжолының 798 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. «Ваз-2109» маркалы автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласынан Ақтөбе қаласына қарай бағыт алып, жол жүру ережелерін бұзған. Ол алда келе жатқан көлікті басып озу кезінде қарсы бағытқа шығады. Сол кезде 38 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Газ-31105» маркалы автокөлігімен соқтығысты.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ваз-2109» маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал «Газ-31105» маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Хромтау қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.