Қазақстан ерлер құрамасы нысана көздеуден Азия чемпионы атанды
Қазақстан ерлер құрамасы нысана көздеуден Азия чемпионы атанды
175
оқылды
Қазақстан ерлер құрамасы нысана көздеуден Азия чемпионы атанды, – деп хабарлайды Olympic.kz. Бұл күндері Шымкентте нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін, 13 қыркүйек күні пневматикалық қару бойынша командалық сын өз мәресіне жетті. Нәтижесінде құрамында Эльдар Иманқұлов, Исаченко Владимир және Рахимжан Валерий бар Қазақстан пневматикалық тапаншада 10 м жаттығуы бойынша үздік атанды. Екінші орынға Сауд Арабиясы жайғасса, Қырғызстан құрамасы үшінші орынға табан тіреді.