8 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

8 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 14 қыркүйекте Атырау облысының батысында және орталығында тұман түседі. 14 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде және батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с болады. Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 2 градус шамасында үсік жүреді. Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан желдің күші күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысып, екпіні 15-20 м/с аралығында болады күтіледі. 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыста 3 градус үсік жүреді.