Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс көлемінде өтіп жатқан “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ірі есірткі алқабын анықтады. Жедел шаралар барысында 10 қыркүйек күні Арал ауданы Жіңішкеқұм ауылынан 100 шақырым далалық жерде ірі есірткі алқабы анықталды. https://www.youtube.com/watch?v=aSb2XMifDZg&feature=emb_title Күдікті үш ер адам оқиға орнында ұсталды. Олар 2479 түп сора өсімдігін арнайылап баптап, егіп өсірген.