Шетелдік маман Ербосынұлының соңғы жекпе-жегін бағалады
Шетелдік маман Ербосынұлының соңғы жекпе-жегін бағалады
Фото: qsport.kz
119
оқылды
Америкалық маман Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында супер орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен гайаналық Аллен Леннокс (22-1-1, 14 КО) арасындағы кездесуі туралы ойымен бөлісті. Кездесу кеше, 12 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында "Көшпенділер айқасы - 2" деп аталатын бокс кешінде өтті.
"Бұл айқас Ербосынұлы үшін аса маңызды болды. Қазақ боксшысы қарсыласынан қатты мықты болды деп айта алмаймын. Леннокс та өзінің мықты екенін көрсетіп, бір-екі рет Айдосты есеңгіретті. Ол Ербосынұлының карьерасындағы ең мықты қарсылас болды деп ойлаймын. Бірақ бұл сынақтан сүрінбей, нокаутпен жеңіске жетті. Тағы бір айтарым, қазақстандық боксшының деңгейі әрбір кездесу сайын  өсуде. Денсаулығына байланысты алған үзіліс оның карьерасына кедергі келтірмеді. Енді техникасын толықтыруы қажет. Шабуыл кезінде жан-жақты болуы керек.  Жекпе-жек қиын болды. Енді Айдосты чемпиондық белбеуге үміткерлер қатарына қосуға болады. Дегенмен, оған әлі боксшы ретінде біраз өскені дұрыс болады. Себебі бұл салмақта өте мықты чемпиондар бар. Айдос әлі чемпиондарға қарсы шығуға дайын емес. Менің ойымша, ол енді Моррелмен кездесетін шығар. Ол қызықты айқас болар еді", – деді МакКафери. 
Айта кетейік, Ербосынұлы кеше кәсіпқой бокстағы 16 жеңісіне қол жеткізді. Ол енді кубалық Давид Моррелге (5-0, 4 КО) тиесілі WBA чемпиондық белбеуінің міндетті қарсыласы атанды.