«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы әзірленді
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы әзірленді
299
оқылды

Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ми­нистрліктің алдағы уақыттағы жос­парлары және Президенттің ха­лыққа Жолдауында берген тап­сырмаларының орындалуы туралы баяндалды. Атап айтқанда, Серікқали Бре­ке­шев Мемлекет басшысына Ұлт­тық геологиялық қызмет құруға қатыс­ты жұмыстар, «Минералдық ре­сурстардың ұлттық деректер ба­нкі» ақпараттық жүйесінің әзірленуі жөнінде мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев су үнем­деу технология­ларын енгізу ісін ынталандыру және су саласын цифрландыру қажет екенін атап өтті. Кездесу барысында атмос­фералық ауаның ластануын азайту бағытында қабылданып жатқан шараларға ерекше мән берілді. Ведомство басшысының айтуынша, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында аймақтар бойынша Жол карталары бекітіліп, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы әзірленді және кәсіпорындармен бірқатар меморандумға қол қойылды. Аталған құжаттар қалдықтардың көлемін 20-дан 30 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы жаңадан та­ғайындалған министрге бірқатар нақты тапсырма берді.