Компания басшыларын қабылдады
Компания басшыларын қабылдады
211
оқылды

Мемлекет басшысы Linde Group компаниясының вице-президенті Оливер Пфанн мен Svevind Group компаниясының пре­зи­денті Вольфганг Кроппты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Германияның Linde Group ком­­паниясының вице-прези­ден­ті­мен өткен кездесуде газ химия­сы саласындағы инвестициялық жо­баларды жүзеге асырудың перс­­­­пективаларына мән берілді. Мемлекет басшысы аталған ком­панияның Қазақстан эко­но­микасының дамуына қосқан үле­сін жоғары бағалады. 2020 жы­лы Linde Group Теміртау қала­сын­да оттегі, азот және аргон өн­діру жөніндегі ТМД бойынша аса ірі жобаның екінші кезеңін іс­ке асырды. Президентке компанияның Жаңаө­зен қаласындағы газ өңдеу зауытының құрылысына қатысты жоспары туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Гер­ма­­ниямен арадағы инвес­тиция­лық ынтымақтастықты дамы­ту­дың стратегиялық маңызы бар еке­нін атап өтіп, Linde Group ком­­­­­паниясын еліміздің газ хи­мия­сы бағытындағы жобаларын жүзеге асыруда жан-жақты серік­тес­тік орнатуға шақырып, мем­лекет тара­пынан шетелдік серік­тес­терге қолдау көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ Svevind Group не­міс-швед компаниялар тобы­ның басшысы Қазақстан Пре­зи­ден­тіне «жасыл» энер­гетика сала­сын­дағы инвестициялық жоба­лар­ды жү­зеге асырудың перс­пек­тивалары туралы айтты. Атап айтқанда, Маңғыстау облысында жел және күн электр стансаларының құрылысына қа­­тысты жо­­­баны іске асыру жә­не содан кейін ре­сурс­тарды  «жа­­­­сыл» сутегі өндірісіне бөлу жос­­­­­парланып отыр. Со­­нымен қатар жел гене­ра­тор­лары мен күн энер­­гия­сын өндіретін панель­дер­ді жер­гілікті жерде шы­ғару мүм­кіндігі қарастырылуда. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңар­ты­латын қуат көз­дерін пай­да­лану­ға және ел эконо­ми­касындағы кө­­­­­­міртегіне тәуел­ді­лік­ті төменде­туге басымдық бе­ре­­­тінін айтты. Оның пікірінше, су­тегі энергети­ка­сына арнайы на­зар аудару керек. Мемлекет басшысы ком­па­ния­ның ұсынған ин­вес­тициялық ұсы­ныстарын оң бағалап, Воль­ф­ганг Кроппқа мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.