«Мектепке жол!» акциясы аясында көмек көрсетілді
«Мектепке жол!» акциясы аясында көмек көрсетілді

Алматылық 3 мың оқушы «Nur Otan» партиясы филиал­да­ры­ның көмегімен мектепке жиналды. «Nur Otan»  партиясы Алматы қала­лық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев акцияға мегаполистегі нұротан­дық­тар мен депутаттардың атса­лыс­қанын атап өтті.

– Бұл партияның Алматы қаласы бойын­ша сайлауалды бағдарламасының нақ­ты іске асырылып жатқанының анық кө­рінісі. Аталған акция барысында пар­тия­ның барлық 8 филиалы кезекті рет ұйым­шылдықтарын көрсетті. Бұл қайы­рым­дылық науқаны әлі жалғасады, – деді Мейіржан Отыншиев. «Мектепке жол!» акциясы аясында кө­мекке мұқтаж 1 744 отбасы мектепке қа­жетті керек-жарақпен қамтамасыз етіл­ді. Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы қа­лалық филиалы жанындағы Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қо­ғамдық кеңестің жетекшісі, заң ғы­лым­дарының докторы, депутат Зәуреш Өмір­баева Алмалы ауданының оқу­шы­ларына кеңсе тауарларымен жабдық­тал­ған 1 000 мектеп сөмкесін сыйға тартты. Халық қалаулысы, меценат Ерболат Қа­сымов та алматылық оқушыларға оқу жылы қарсаңында қуаныш сыйлады. – Биыл балаларға кеңсе тауарлары бар мектеп сөмкелерінен басқа, отандық өн­дірушіден мектеп формасын сатып алуға сертификат беруді ұйғардым. Сер­тификат келесі жылдың соңына дейін жарамды, егер осы жылы ата-аналар ба­ла­ларға мектеп формасын алмаса, ке­лесі жылы сатып алуына болады, – деді Ерболат Қасымов. Жетісу ауданында да партиялықтар әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 350 оқушыға көмек көрсетті. 100-ге жуық оқушы белгілі кәсіпкер Қайрат Құ­­­­дайбергеннің қолынан мектеп сөм­ке­­сін алды. Ал Медеу ауданында нұро­тан­­дықтардан 200 бала, Наурызбай ау­данында 120 бала сыйлық алды. Түрксіб ауданында да депутат Шухрад Шардинов 100 оқушыға жалпы сомасы 1 миллион тең­геге сыйлық табыстады. Сонымен қа­тар оның басшылығымен «АЗМК» зауы­тында жұмыс істейтін 48 көпбалалы от­басы осы акцияға орай ақшалай көмек алды.

Әбілмансұр ЖАСАН