АҚШ Конгресі қарар қабылдамақ
АҚШ Конгресі қарар қабылдамақ

Америка Конгресіне Семей ядролық полигоны жабылуы­ның 30 жылдығына орай қарар енгізілді. АҚШ Өкілдер пала­тасының мүшелері Д.Тайтус, С.Шабот және Э.Бера Кон­грестің Халықаралық істер жө­ніндегі комитетінің қарауы­на Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жыл­дығына орай №616 қарарды енгізіп, тіркеді.

Құжат Қазақстанның ядролық қаруға қарсы көшбасшы ретіндегі рөлін нығайтпақ: онда еліміздің жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі жаһандық режимді нығайту жөніндегі дәйекті жұмы­сына, сондай-ақ осы жылы 30 жыл­дығы атап өтілетін АҚШ-пен түрлі салалардағы, соның ішінде қауіп­сіздік, адам құқықтары және басқа да салалардағы екіжақты қатынас­тарды одан әрі дамытуға бейілділігі атап өтілген. Конгресмендердің бастамасы АҚШ-тың заң шығарушы органы мүшелерінің Қазақстанның таратпау режимін нығайтуға және жа­һан­дық қауіпсіздікке қосқан үлесіне, Тұңғыш Президент – ­Елбасы Н.Назарбаевтың осы сала­дағы күш-жігеріне және әлемге ядролық қатерді азайту ісіндегі бір­­лескен жетістіктеріне мән беретінін көрсетеді.

Елдос СЕНБАЙ