Қытайдағы коронавирустың таралуынан әлемдік экономикаға келген шығын көлемі есетеліп жатыр. ВВС-дің мәліметінше, коронавирустың жаңа түрінінің эпидемиясынан келген материалдық шығын АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының шығынымен пара-пар болуы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, олар ең алдымен ойын-сауық, туризм және қоғамдық тамақтану салалары зардап шегіп отырғанын айтады. Шығынға батқан тек қана туризм саласы емес.
Ауру ошағы – Ухань қаласына жақын маңдағы зауыттарды уақытша тоқтатқан. Солардың қатарында Samsung пен Appleпен тікелей байланысты «Фокскон» да бар. Компаниялардың фабрикалары қазір уақытша жабық тұр. Starbucks та сақтық үшін Қытайдағы 4 мыңнан аса кофеханасының жартысына жуыған жапқан.Әуе тасымалдаушылар да Қытайға сапарын тоқтатты.
Дерекөздің жазуынша, Уханьда вирусты жұқтырғандар саны күн санап артып жатыр. Халық жаппай бетперде тағуға мәжбүр. Қытайдың Тяньцзинь қаласындағы дәріхана оның бағасын 10 есеге көтеріп жіберген. Осыған байланысты билік мекемеге $432 мың доллар айыппұл салды.Соңғы мәліметтерге қарағанда, коронавирусты жұқтырғандардың саны 6 мыңға жуық. Вирус алғаш рет Таяу Шығыста тіркелген. Оны Біріккен Араб Әмірліктерінде тұратын қытайлық азамат жұқтырған.