Есірткі сататын 810 сайт бұғатталды

Есірткі сататын 810 сайт бұғатталды

Биыл полиция қызметкер­лері есірткі саудалайтын 810 интернет порталдың жұмысын тоқтатты. Бұл жайында Ішкі істер министрлігінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов хабарлады. Оның айтуынша, мұндай сайттар есірткі сатуды әлдеқайда жеңілдетіп жіберген екен.

Соңғы бір жылда тексерістер нәтижесінде 12 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. Олар­дың басым бөлігі марихуана, героин мен синтетикалық заттар. 11 есірткі лабораториясы жабылған. Тәртіп сақшылары есірткі заттары­ның заңды айналымын да тексеріпті. Мәселен, дәріханаларда мұндай заттарды рецептсіз сатып жат­қандар да аз емес болып шық­ты. Барлығы 18 қылмыстық заң­бұзу­шылық анықталған. – Бақылауға алынған заттар айналымында 93 әкімшілік құ­қықбұзушылық дерегі анықталды. Олардың 28-і техникалық та­лаптарға байланысты, қалғаны лицензия нормаларын бұзған. Есірткі препараттары 57 рет рецептсіз сатылған. Барлығы 343 ампула, 1 000 дәрі және 1 200 психотропты зат тәркіледік, – дейді Ішкі істер министрлігі есірткі қыл­мысына қарсы іс-қимыл департа­ментінің басқарма басшысы Бақытжан Әмірханов.

М.ТӨЛЕУ