Хабарландыру-14.09.2021

Хабарландыру-14.09.2021

Сатып алуды ұйымдастырушы: Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы №29 мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің (ХҚТУ) Клиника-Диагностикалық орталығы. Телефон: +7(72533) 6-36-14. Сатып алудың әдісі: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Сатып алу және сату» регламентінің 23-бабының F-тармағына сәйкес, конкурс негізінде «Клиника-Диагностикалық орталығына жаңа булы стерилизатор (Автоклав) және цифрлық рентген аппараттарын сатып алу. Сатып алудың нысаны болып табылатын жұмыстың басталу және аяқталу мерзімі: Шартқа сәйкес тапсырыс берушінің өтінімі бойынша күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде. Жеткізудің басталуы: 2021 жылғы қыркүйек, аяқталуы 2021 жылғы 25 желтоқсанға дейін. Сатып алуға қатысу шарттары: Сатып алуға қатысуға уни­верситеттің «Сатып алу және сату» регламентінің 10-бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсыну­ларыңызды сұраймыз:

  1. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы;
  2. Сатып алу нысаны болып табылатын тауарды жеткізу саласындағы тәжірибесін растайтын құжаттары;
  3. Әлеуетті өнім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзыретті органдарға тіркелуі туралы анықтама;
  4. Әлеуетті өнім беруші тауардың сапа сәйкестігін тексеру мақсатында олардың үлгілерін, каталогтерін немесе суреттерін өткізуі тиіс;
  5. Әлеуетті өнім беруші ҚҚС төлеуші болса сатып алынатын тауарлар бойынша ұсынған баға ұсынысының ішінде ҚҚС қарастыру керек;
  6. Конкурсқа қатысуға және шарттық кепілдік ретінде кон­курс­қа жарияланған жалпы сомасының кем дегенде 5 пайызы (%) мөл­­шерінде мына есепшотқа аударылуы талап етіледі: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Клиника-Диагностикалық орталығы, БСН:070140010161, БСК:IRTYKZKA, ЖСК:KZ2796516F0007793581, Кбе:16, «ForteBank АҚ Шымкент қ.» АҚ немесе банктік кепілдік берілуге рұқсат;
  7. Сатып алынатын тауарға кепілдік мерзімі 12 айдан кем болмауы міндетті.
Сатып алынатын «Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Клиника-Диагностикалық орталығына жаңа булы стерилизатор (Автоклав) және цифрлық рентген аппараттары бойынша қажетті құжаттар тізімі мен келісімшарт үлгісін Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы №29 мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Клиника-Диагностикалық орталығының № 430а-кабинеттен алуға болады. Комиссия отырысы болатын күні және уақыты: 20.09.2021, сағат 16.00 Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты: Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстары арнайы конвертке салынып, мөр басылып, хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 7 күнтізбелік күн ішінде Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы №29 мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Клиника-Диагностикалық орталығы, № 430а-кабинетте қабыл­данады.