Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен негізгі әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес өткізді. Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму министрлері әлеуметтік саланың негізгі бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысын баяндады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Жиында білім беру саласында әлі де шешілмеген мәселелер талқыланды.Вице-премьер үш ауысымды оқыту, оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын жедел шешу қажет екенін айтты. Ол үшін оңтайлы шешім – жылдам тұрғызылатын аз шығынды модульдік мектептер салу.Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сәйкес, бүгінде республикада жалпы контингенті 250 мың баланы құрайтын 147 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Олардың ең көп саны Алматы (50), Маңғыстау (16) облыстарында, Шымкент қаласында (14) орналасқан.