Салық бойынша жоспар асыра орындалды – Жамаубаев
Салық бойынша жоспар асыра орындалды – Жамаубаев
Фото: yandex.kz
145
оқылды

«Бюджетке 7 трлн 139 млрд теңге сомасында кіріс түсті. Жоспар 105,3% орындалды. Республикалық бюджетке 4,6 трлн теңге түсті. Кіріс бойынша жоспар 30 млрд теңгеге асыра орындалды. Оның ішінде, салықтың үлесі – 17 млрд теңге», – деді Жамаубаев.

Оның айтуынша, салықтан өзге түсім, негізінен, мемлекеттік органдар салатын айыппұл, өсімпұл, санкция, өндіріп алынған қаражат есебінен толықты.

«Жергілікті бюджеттердің кірісі 115%-ға жетті. 2 трлн 547 млрд теңге болды. Жоспар 332 млрд теңгеге, оның ішінде, салық бойынша 280 млрд теңгеге асыра орындалды. Кіріс бойынша жоспарлар барлық өңірде асыра орындалды, – деді Қаржы министрі.

Бұған дейін Қаржы министрі шағын бизнес субъектілерін тексеруге мараторийді алып тастауды ұсынған болатын.