«Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 9,7%-ке өсті. Қымбатшылық Түркістан облысы мен Қызылорда облысы және Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Оның ішінде, көкөніс бағасы 5,9% қымбаттаған. Жеміс-жидек піскен тамыз айының ортасынан бастап бағалар төмендей бастады. Баға 0,7 пайызға төмендеді», – деді Бақыт Сұлтанов.
Бұған дейін Асқар Мамин азық-түлік сататын саудагерлер үшін жалдау ақысы арзандайтынын айтқан еді.