Владимир Путин оқшауланатынын хабарлады
Владимир Путин оқшауланатынын хабарлады
Фото: Tass.ru
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Тәжікстан президенті Эмомали Рахмоновпен әңгіме барысында өзінің айналасында COVID-19-бен ауырғандардың көбеюіне байланысты өзін өзі оқшаулауға мәжбүр екенін айтты. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі мәлім етті.
Владимир Путин айналасында анықталған коронавирус жағдайларына байланысты белгілі бір уақыт аралығында өзін өзі оқшаулау режимін сақтау керек екенін хабарлады, − делінген хабарламада.
Жағдайды ескере отырып, Владимир Путин осы аптада Душанбедегі ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің жоспарланған сессиясына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына және ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен отырысына видео-конференция режимінде қатысады.