"Қазгидромет" РМК 15 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады деп күтіледі. Ақмола облысының батысында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 15 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік сақталады. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз 15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.