Қазақстан азаматтарының тәбеті 2,8 трлн теңге
Қазақстан азаматтарының тәбеті 2,8 трлн теңге
Фото: Рrozdor.ru

Қазақстандықтар көп қаржысын тамаққа жұмсай бастады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылғы қаңтар-тамызда азық-түліктің бөлшек саудасының айналымы 2,8 трлн теңгеге жетті.

Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда Қазақстан азаматтары тамаққа 8,1%-ға көп ақша жұмсаған. Азық-түлікке ақшасын аямайтындар арасында Алматы тұрғындары көш бастап тұр. Сегіз айдың ішінде алматылықтардың тамаққа шығыны 790,3 млрд теңгеге жетті. Ал Нұр-Сұлтан тұрғындары азық-түлік үшін 363,7 млрд теңге, Қарағанды облысы – 302,7 млрд теңге, ШҚО – 237,8 млрд теңге, Ақтөбе облысы – 234,5 млрд теңге, Алматы облысы – 103,1 млрд теңге жұмсаған. БҚО тұрғындарынан азық-түлікке 92,8 млрд теңге, Жамбыл облысына – 87,9 млрд теңге, Шымкентке – 87,6 млрд теңге, Қостанай облысына – 75,9 млрд теңге, Павлодар облысына – 73,7 млрд теңге жұмсалды. Ақмола облысында азық-түліктің бөлшек саудасы 73,1 млрд теңге, Атырау облысы – 70,7 млрд теңге, Қызылорда облысы – 67,5 млрд теңге, СҚО – 65,2 млрд теңге, Маңғыстау облысы – 33,9 млрд теңге, Түркістан облысы – 36,5 млрд теңге болды.