вДудь бұл жолы — Маңғыстауда!
вДудь бұл жолы — Маңғыстауда!
Бозжыра. "вДудь" шоуынан алынған кадр
«вДудь» шығармашылық тобы, алдымен, Ақтау қаласы мен Каспий жағалауында түсірілім жасайды. Құм не тас емес, бақалшықты жағажайды алғаш көрген жүргізуші жалаң аяқ әрлі-берлі жүріп, демалып қалғанын айтады. [caption id="attachment_161175" align="alignnone" width="1200"] width= вДудь Каспийдегі бақалшықты жағажайға разы болып қайтты.[/caption] Осыдан кейін олар шұбаттың дәмін татады. Жергілікті тұрғындардан сұрастырып, шұбатты дүкеннен емес, қолдан дайындайтын қожалықтардың бірінен алдыртқанын айтады. Сөйтіп, түйе сүтінен дайындалған сусынды алғаш рет ішіп көріп: 
"Қазақстандағы ұлттық сусын қымыз ғана емес, осындай, міне, шұбат та бар, дәмі айранға ұқсайды", — деп топшылайды өз ойын Юрий Дудь. 
[caption id="attachment_161176" align="alignnone" width="1200"] width= Юрий Дудь пен Руслан Усачев шұбаттың дәмін татып тұр. ©вДудь-тің сұхбатынан жасалған кадр[/caption] Бұдан кейін олар Бозжыраға жол тартады. Маңғыстаудағы көрікті жерлер туралы фото-, бейнематериалдарды біраз көріп шыққан белгілі влогер Бозжыра шатқалына келуді ұйғарыпты. Сұлулығына көз тоймас пейзажға суреттен көріп ғашық болған ол: «Шынайы өмірде Бозжыра тіптен сөзбен айтып жеткізе алмас тамаша жер екен!» – деп таңданысын жасыра алмады.  [caption id="attachment_161178" align="alignnone" width="1200"] width= Юрий Дудь Руслан Усачевтен Бозжыра шатқалында сұхбат алды. ©вДудь-тің сұхбатынан жасалған кадр[/caption] Айта кетейік, сұхбат жанрындағы шоу-бағдарламаның бұл жолғы қонағы — Руслан Усачев есімді 5,6 миллиондық аудиториясы бар влогер. Әңгіме барысында осыдан бірнеше ай бұрын дүние жүзін аралап, әр елде бір-бір айдан тұрып көрмек ойы бар екенін айтты. Қазақстанға ол Черногориядан кейін саяхаттап келіп отыр екен.