Павлодарда 216 млн теңге субсидияны жымқырған бір топ адам ұсталды
Павлодарда 216 млн теңге субсидияны жымқырған бір топ адам ұсталды
Фото: pixabay.com
Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражатты жымқырған бір топ адамды анықтады.
«Павлодар қаласының тұрғыны С.Мукин мемлекеттен субсидияларды заңсыз алу мақсатында Ресей аумағында ірі қара мал сатып алып, оны «Герефорд», «Симментал» асыл тұқымды қара малы ретінде көрсеткен. Атап айтқанда, субсидиялар алуға арналған өтінімдерде ол ІҚМ туралы жалған мәліметтерді көрсетіп, ал сатып алу-сату шарттарын өзі қолдан жасаған», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Ресей Федерациясының уәкілетті органдары асыл тұқымды мал сатып алу дерегін растамайды. Бұдан әрі 100 мыңнан 6 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін С.Мукин басқа кәсіпорындарға мемлекеттік субсидияларды заңсыз алуға көмек көрсеткен. Тергеу анықтағандай, мұндай схема бойынша Павлодар облысындағы 10 шаруа қожалығы 216 миллион теңгеге заңсыз субсидия алған. Бас ұйымдастырушы мен сыбайластар әртүрлі мерзімге сотталды.