Ербосынұлы маңызды жекпе-жегінен кейін әлемдік рейтингіде көтерілді
Ербосынұлы маңызды жекпе-жегінен кейін әлемдік рейтингіде көтерілді
Фото: vesti.kz
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) Нұр-Сұлтан қаласында «Көшпенділер шайқасында» гайаналық Леннокс Алленді (22-2-1, 14 КО) мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін супер орта салмақта Boxrec.com сайтының рейтингінде көтерілді, – деп хабарлайды  Sports.kz. Айдос Ербосынұлы оныншы раундта нокаутпен жеңіп, 32-орыннан 31-орынға көтерілді. Сондай-ақ жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жекке үміткер болды. Бұл титулдың иегері мексикалық боксшы – Сауль «Канело» Альварес (56-1-2, 38 КО). Бұған дейін Ербосынұлының үш белбеуі бар еді: WBC ABC, WBO Global және WBA International. Алайда олардың кем біреуі (WBA) ваканттық болып, ол отандасымыз Бек Нұрмағанбетке (5-0, 3 КО) бұйырды.