Желіде 5G туралы тағы бір жалған ақпарат тарады

Желіде 5G туралы тағы бір жалған ақпарат тарады

«Қазақстандықтар 5G технологиясына қатысты негізсіз теориялармен бөлісуде. Бұл жалған ақпарат», – деп жазады Stopfake.kz.

5G технологиясы –  24 ГГц және одан жоғары диапазонда жұмыс істейтін ұялы байланыстың жаңа форматы. Бұл жаңа толқындардың немесе сәулеленудің түрі емес. Wi-Fi технологиялары, полиция радарлары, жерге жақын кейбір жерсеріктер сынды толқындарда жұмыс істейді", – деп жазылған ақпаратта.
Түрлі елде тәуелсіз ғалымдар технологияның қауіпсіздігі бойынша зерттеулер жүргізген. Мамандар 5G қатерлі ісік және аутизм сияқты дерт арасында байланыс анықталмағанын айтады.