Азия чемпионатында қазақстандық мерген қола еншіледі
Азия чемпионатында қазақстандық мерген қола еншіледі
Фото: meteor.almaty.e-orda.kz
147
оқылды
Нысана көздеуден Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы кезекті медаль олжалады, – деп хабарлайды Olympic.kz. Пневматикалық тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден сынға түскен Ольга Аксенова қола жүлдегер атанды. Ол 215.3 ұпай жинаған. Алтын және күміс медальді Таиланд елінің спортшылары Чампалат пен Прухсакорн өзара бөлісті. Осы жаттығу бойынша Ирина Локтионова төртінші, Диана Харченко бесінші орын иеленді.