Ұлттық қор – $56,9 млрд

Ұлттық қор – $56,9 млрд

Кешегі өткен Үкімет отырысында, сондай-ақ елі­міздің бас банкирі Ұлттық қорда қанша ақша қалғанын жария етті. Тамыз айының соңындағы жағдай бойынша Ұлттық қорда 56,9 миллиард доллар бар.

«Биыл тамызда Ұлттық қорға түскен түсімдер 420 миллиард теңге, оның ішінде шетел валютасында 506 миллион доллар немесе 215 миллиард теңге болды. Ұлттық қордың активтері осы жылдың тамыз айының соңында 56,9 миллиард долларды құрады. Тамызда 396 миллиард теңгеге нысаналы және кепілдендірілген трансферттерді бөлу үшін 845 миллиард доллар сатылған. Өткен айда Ұлттық қордың инвестициялық кірісі оң қалыптасып, 316 миллион долларды құрады. Ал жыл басынан бері Ұлттық қордың инвестициялық кірісі негізінен акциялар нарығында өсуді жалғастыруына байланысты 2,3 миллиард доллар немесе 4,11% болды. Ал алтын-валюта резервтері бір айда 1,8 миллиард долларға артып, тамыз айының соңында 36,8 миллиард долларға жетті», – деді Ерболат Досаев.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ