300 ағаш заңсыз кесілген

300 ағаш заңсыз кесілген

Алматы қаласы Полиция департаменті Медеу ауданында заңсыз ағаш кесу дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Таяуда жергілікті экобелсенділер ішінде Қызыл кітапқа кірген түрлері болуы мүмкін 300 түп ағаштың кесілгені туралы шу кө­терген болатын. Соның арқа­сында бұл дерек халыққа жария болып, қалалық Жасыл экономика басқар­масының назарын аударды. Ведомство осыған орай шабылған ағаш­тардың түрлері мен құндылы­ғын анықтау мақсатында сараптама тағайындады. Сондай-ақ Алматы қаласы Полиция департаменті Медеу ауданындағы ағаштар мен бұталарды заңсыз ағаш кесу, жою және зақымдау  дерегіне қатысты Қылмыстық кодекстің 340-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тағайындалған сараптама бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданбақ.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ